НҰР

lat: NUR

("Жарық сәуле") тәңірі ақиқатының, дін білімінің көрінісі ретіндегі тәңірі шапағаты туралы түсінік. Нұр Құранда Алланың өзі ("көк пен жердің нұры") Мұхаммед пайғамбар арқылы жіберген шапағаты және ол “қасиетті нұр, нұрдың нұры", оны отпен салыстыруға болмайды, ол жерден тыс пайда болған нұр. Мутазилашылар мен зайдшылар Нұрды барша ғаламда тұратын тіршілік иелеріне тәңірдің басшылық етуінің көрінісі деп біледі. Тәңіріні нұрға теңеу идеясын мистиктер одан әрі дамытты. 8 ғасырдың бірінші жартысындағы шииттік ақын әл-Құмайт Адам ата мен Мұхаммед арқылы Алладан Әли әулетіне дейінгі тәңірі нұрын жырға қосты. Исламдағы Нұр жөніндегі ілімінің алғашқы уағызшыларын мұсылман теологтары манихейлік дуализмнің жолын қуушылар деп айыптады. 9 ғасырдың өзінде-ақ неоплатоншылардың ықпалымен нұрдың мнистік доктринасы қалыптаса бастады, бұл доктрина бойынша идеялар әлемі алғашқы субстанция ретінде оның көшірмесі дене әлеміне қарсы қойылды. Неоплатоншылар қайырымдылық идеясын жоғары тәңірмен және "қасиетті нұрмен" теңестірді. Арабтың "Аристотель теологиясында" “нұр қуаты" деген ұғым бар, оны Жаратушы Ақылға табыс етеді де, Ақыл арқылы Әлемдік Жанға, Ақылдан Әлемдік Жан арқылы табиғатқа, Әлемдік Жаннан табиғат арқылы заттарға жеткізеді. "Нұр қуатына" сәуле шашатын құдірет нау нұры. Нұр  тәңірінің бөлінбес қасиеті емес, оның көрінісі. Мұсылман философтары мен дін ғұламаларының көпшілігі Нұрды “рухани тәңірменжәне Ақылмен байланыстырады немесе соған теңестіреді.