lat: Oıý
1. зат. Бір нәрсенің бетіне түсірілген түрлі нақыш, бедер, өрнек.
Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).
Неше түрлі әдемі оюлар салған жаңа сырнай оған қатты ұнады (С.Бақбергенов, Алтынемел.).
Ықшам қимылды жылпос жігіт ұлттық, оюмен өрнектелген шағын ғана әсем торсықты қарына қысып, мінбе түбіне жақындады (А. Сатаев, Дала.).