ОЯТУШЫ

lat: Oıatýshy

зат.1. Ұйқыдан тұрғызушы.

2.ауыс. Біреудің санасын жетілдіруші.

Салыстырылатын бұрынғы мен жаңа екі суреттердің бұрынғысы ішкі сезімнің негізі деп, соңғысы ішкі сезімді оятушы деп аталады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Ал Сапар салған мынау ән әр жүректің түкпірінде бұғып қалған, сақталып қалған сана сезімнің оятушысы секілді (М.Мақатаев, Шығ.).

«Әйел теңдігі» өзіне партия мен үкімет жүктеген міндеттерді ойдағыдай орындады, қазақ әйелдерінің оятушысы, ұйымдастырушысы бола білді («Қазақст. мект.»).