lat: Oıke
зат. бот. Дəрілік өсімдіктердің бір түрі.
– Міне, ойкені мен таптым деп жігіттер түрі ұқсас небір өсімдіктерді əкеліп жатыр (Э.Төреханов, Алматыда., 293).
Ойке – бүкіл адамзатты рак ауруынан арашалап қалар жалғыз үміт (Бұл да).
Күн десе күн, желден, дауылдан қорғар шоқшоқ тал-терегі əне! Ойке сондай жерде өспей қайда өседі? (Бұл да).