lat: Oǵyz
зат. Орта Азияда өмір сүрген орта ғасырлық түрік тілдес тайпалардың жалпы аты.
Оғыз жайлы деректер ерте ортағасырлардан бастап белгілі (ҚҰЭ, 7, 104).
Мұнда ежелгі сактардан бүгінгі көп ұлтты совет халықтарына дейін каспилер мен алаңдар, оғыздар мен қыпшақтар, қалмақтар мен ноғайлар тұрған (Мəдениет жəне тұрмыс, 1973, №3, 10).
Тоқсан екі баулы оғыз қағанаты (Қорқыт ата кітабынан). Мұндағы «баулы» сөзі оғыздардың 92 құрамдас бөліктен құралғанын көрсетеді (Егем. Қазақс., 08.05.2003, 6).