lat: Oǵyz tili
Бір кездердегі оғыз тайпаларының тілі.
Қазір ол өлі тіл саналады. Оғыз тілі тарихи еңбектерде кейде ғұз тілі, үз тілі деп те аталған (ҚҰЭ, 7, 105).
Оғыз тілі əсіресе қыпшақ тіліне жақын келіп, түрікмен, əзербайжан, гагауыз, түрік т.б. тілдердің қалыптасуына негіз болған (Бұл да).