lat: OCHERKIST
зат. сөйл. Очерк жазушы адам.
Жұмағали очеркист пе, фельетонист пе, соншама прозаик пе, бұл арасын айыру қиынға соғады (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).
Ермектің Абай образын жасаудағы жетістігіне айрықша тоқталмай кету очеркистке тіпті ұят болар еді (Б.Қыдырбекұлы, Мазда.).
Әйгілі очеркист Жекен Жұмақанов бүгін жасы алпысқа келді («Қаз. әдеб.»).