lat: OFORT
[франц. eau-forte] зат. өнер. Бедерлері мен суреттері металды қышқылмен күйдіріп жасалатын металл бетіндегі гравюра.
Офорт техникасы XVI ғасырда ойлап табылды. Екі жүздей гравюра жасаған Рембрандт офорттың тамаша шебері болды (Е.Каменева, Кемпірқосақтың түсі қандай).
Мысалы, бізде Рембрандтың 25 картинасы бар деп мақтана алатын жер-жаһандағы жалғыз музей – Эрмитаж. Оның сыртында Рембрандт офорттарының барлығы дерлік сақталған жалғыз музей де осы (С.Абдрахманов, Елдік сыны).