ОРМАНДЫ

lat: ORMANDY

сан. Орман өскен, орманы бар.

Әбен ауылы Алтайдың бір шұрай қойнауында. Сырты орманды, ақбарлы, заңғар тау, алды бұйрат (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Андыз Іле Алатауының орманды өңірлерінде өседі (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).

Орманды не болмаса таулы жердей емес, жазық жер, күн шуақты, жылыны жақсы көреді (Б.Тілегенов, Аққайнар).