ОРНАЛАСУ

lat: ORNALASÝ

Орналас етістігінің қимыл атауы. 1. Орын алу, орын тебу, тұру.

Затты құраушы бөлшектердің кеңістіктегі заңды орналасуына қарай кристалдық тор түзіледі, осы тордың түйіндерінен атомдар, иондар, радикал-иондар және молекулалар орын алады (К.Сапарбайұлы, Геология.).

... Сондықтан екінші вектор мен бірінші вектордың өзара орналасуын дәл көрсету үшін, аралық бұрышты қай жаққа қарай есептейтінімізді айтуымыз керек (А.Ермеков, Ұлы матем. курсы).

2. баспасөз. Басылатын материалдың орнын белгілеу.

Мұқаң ғылыми-педагогикалық, суреткерлік қыруар іс атқарып жүргеніне қарамастан «Қазақ әдебиетінің» әрбір саны талқыланатын отырыстарға келіп, үлкенді-кішілі жарияланымдардың бәріне пікір айтып, қандай материалдың қай бетке орналасуы тиісті екеніне дейін көңіл бөлетін («Қаз. әдеб.»).