lat: ORNYQ
ет. 1. Орын тебу, орналасу, тұрақтау.
Қазақтың бар қатты өсе бастағаны құба қалмақтың жұрты бұзылған соң, осы Сарыарқаға орныққан соң ғана болса керек (Абай, Тол. жин.).
Орнығып ел билесе,
Ерік берсе, тимесе,
Өз есіңді жи десе,
Қайтер еді бұл қазақ? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Біздің қыстау орныққан жалдың түбінде бұлақтың бар екені сол аймаққа тегіс аян (С.Мұратбеков, Дос ізде.).
2. ауыс. Қалыптасу.
Дүниеге дос, ахиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас (Абай, Тол. жин.).