lat: ORTALAÝ
2. сын. 1. Толы емес, жартылау, кемдеу.
Атқа жеккен екі арбада орталау екі қара саба қымыз кетіп барады (С.Сейфуллин, Шығ.).
Жұмаштың шешесі орталау ала қабын босағаға қойды (Қ.Сөрсекеев, Кілт).
Сырттан орталау құйылған бір шелек суы бар Үмітжан кірді (С.Сейтхазин, Хадиша).
2. ауыс. Нашарлау, төмендеу.
Қожекеңнің ерке өскен, кенже қызы оныншы класты орталау бітірді (С.Адамбеков, Қожанасыр.).