lat: ORTALYQTANDYRÝ
Орталықтандыр етістігінің қимыл атауы.
1. Бір ортаға жию, топтау, біріктіру.
Ендігі алда тұрған міндет – кітапханаларды орталықтандыру, – дейді Рыскен («Мәдениет және тұрмыс»).
2. Белгілі бір қызмет түрін бір орталыққа шоғырландыру, бағындыру.
Шаруашылықты басқаруда орталықтандыру мен демократизмді іскерлікпен ұштастыруымыз керек («Соц. Қаз.»).
Тұтастай алғанда мемлекеттің және қоғамның істерін басқаруды тым қатты орталықтандыруды болдырмау қажеттігі осыны талап етіп отыр («Егемен Қазақстан»).
Мемлекет жаңа құрылып, елдік дәстүрлеріміз қайтадан орнығып жатқан кезде орталықтандырудың белгілі бір дәрежеде сақталғаны жақсы («Егемен Қазақстан»).