ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛУ

lat: ORTALYQTANDYRYLÝ

Орталықтандырыл етістігінің қимыл атауы; орталыққа бағындырылу.

Бұл республика қазақ халқының тарихындағы біртұтас орталықтандырылған мемлекеттік құрылым болып табылады («Қаз. әдеб.»).

Барлық аудан орталықтарының тең жартысын орталықтандырылған су жүйесі арқылы қамтамасыз ету көзделіп отыр («Соц. Қаз.»).

Идеология саласының орталықтандырылуы Қазақстан үшін қаншалықты қымбатқа түскенін айтып жеткізе алмайсыз (Д.Қонаев, Өтті дәурен.).