ОРЫНБАСАР

lat: ORYNBASAR

зат. Мекеме бастығының бірінші көмекшісі, оның қызметін атқаратын адам.

Бригада командирінің орынбасары орта бойлы, қара торы, үшкір мұрынды подполковник екен (Б.Момышұлы, Москва.).

Завод директорының орынбасары мен Валентинаның алғашқы әңгімесі былай болды (Б.Қожабеков, Көктөбе).

Мына Жәлел мырза өзі әрі сот, әрі редактор, әрі комитетте орынбасар (Д.Әбілев, Арман.).