lat: ORYNDAÝSHY
зат. 1. Белгілі жұмысты атқарушы, істеуші.
Анау қансырап жатқан жігіт елдің боздақтарын көгендеп, ақ патшаның әмірін орындаушы болыс Әлібек еді (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).
Юрий бұл істе тікелей басқарушы, орындаушы, жүзеге асырушы – басты тұлға екенін аңғарып қалдық (Береке бастауы).
2. Ән, өлең-жыр, дастан, әдеби шығарманы айтушы, таратушы күй шертуші, рөлде ойнаушы.
Айманов, Өмірзақов секілді орындаушылары болғанына да дән риза болатын (I.Омаров, Серпін).
Бізге жеткен ауыз әдебиеті нұсқаларының көркемдік күш-қуаты тікелей орындаушылық қабілетіне байланысты. Сондықтан ғылымда орындаушы тұлғасына зор мән беріледі (Әдебиеттану. термин сөздігі).