lat: ORYNDAÝSHYLYQ
зат. Жұмысты істеушілік, атқарушылық.
Баяштың әмір берісі, аналар әмірді қабылдап, бірден орындаушылық ыңғай көрсетті (Ж.Жұмақанов, Мен жұмысшы.).
Қарапайым балықшының орындаушылық мәдениеті жөнінде сөз қозғауына қайран қалдық (С.Хайдаров, Теңіз.).
2. Ән, өлең-жыр, дастан, әдеби шығарманы айтушылық, таратушылық, күй шертіп, рөлде ойнаушылық.
Біз өзіміздің әлемге әйгілі әдебиетімізді, жарты ғасырдың аясында тақыр жерде тұрғызылған театрымыздың тамаша табыстарын, орындаушылық шеберлігі толысқан музыканттарымызды заңды мақтаныш сезімімен айта аламыз («Соц. Қаз.»).
3. Мақсат, міндет, заң, талап т.б. жүзеге асырушылық.
Жоғарғы технология мен жоғары орындаушылық мәдениет қай ұлттың дамуының да, қай азаматтың көсегесі көгеруінің де басты мақсатына айналды (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).