ОРЫНДАЛУ

lat: ORYNDALÝ

Орындал етістігінің қимыл атауы; іске асырылу.

Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ХІХ ғасырда диірмен тасқа (базальт) Бабылдың ұлы падишасы Хаммурапидің 282 баптан тұратын сот тәртібі қашалып жазылған. Заңды патшалар емес, Құдайлар ойлап табады деген ұғым олардың қатал орындалуын қамтамасыз еткен (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).