lat: ORYS
зат. РФ-нда ең көп тұратын байырғы және негізгі шығыс-славян халқы, ұлт, осы халықтың өкілі.
Орыстың жақсыларын білмес қазақ,
Болып жүр сондығынан көпке мазақ.
Өнерлі, білімді елден тәлім алмай,
Қуларға еріп, момындар тартар азап (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
//Орысқа қатысты, орысқа тән, орыстар шығарған.
Бізге жақын жерден үлгі болатын – орыс мектебі. Бірақ орыс мектебінің өзі осы күнде тоғыз жолдың торабында тұр (М.Жұмабаев, Шығ.).
Ішке енгенімізде ол бір еңгезердей орыс жігітіне тапсырма беріп тұр (С.Ақтаев, Дала тур.).
Жас орманнан бір тамаша,
Өмір сырын ұғамын.
Өзіндей жас қайың еккен,
Сүйдім орыс ұланын (С.Мәуленов, Магниттау.).