ОРЫСШАЛА

lat: ORYSSHALA

ет. 1. Орысшаға аудару.

Ол жаңағы Бектоғай сұрағын өзінше орысшалады (С.Бегалин, Замана.).

Сұлтанмахмұт күлкінің жайын түсіндіріп, Сатқанбайдың жаңағы сөзін орысшалады (Д.Әбілев, Арман.).

Әкемнің барлық айтқан сөзін Қаныш орысшалап Усовқа айтып берді (Т.Оразов, Қаныш.).

2. Орыс тілінде сөйлеу.

Келсін-келмесін орысшалап, белінен бір басып сөйлей бер, ертең-ақ үйреніп кетесің (О.Бөкеев, Ән салады шағылдар).