ОСАЛ

lat: OSAL

сын. 1. Күші аз, әлсіз.

Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып туады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Айтылған бірдей емес осы аңдар,

Ішінде жақсы, жаман осалы бар.

Арыстан, Жылқы, Өгіз, Есекке ұқсас

Ойласақ, табылмай ма неше адамдар (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Сұлтанғазы әрі ойлап, бері ойлап, Күнзиланың осал жағын тапты (Ж.Молдағалиев, Торғай.).

Үш бұлағым сылдыраған үш балам,

Балапаным, бауырымнан ұшпаған.

Бізге тартпай, оза шығып осалдан,

Болсаңдар-ау, өскен кезде күшті адам (Қ.Бұғыбаева, Ана жыры).

2. Мықты, берік емес, бос.