lat: OSALDAÝ
1. сын. 1. Күші аздау, әлсіздеу, нашарлау.
Жау қорғаныстары көбінесе бекімі осалдау болғандықтан, табан тірес ұрыстар аз болды (Б.Момышұлы, Москва.).
Мен тірімін, енді аз көрер азабым,
Сондықтан да деп ем мықтап жазайын.
Амал қанша, жаздым білем осалдау,
Кейбір сөзім болып шықты бос алдау (Шығыс жұлдыздары).
2. Бостау, мықтырақ, беріктеу емес.
Тас бұлақ граниттен көрі осалдау жерді жарып шығады (І.Есенберлин, Қатерлі.).