ОСАЛДА

lat: OSALDA

ет. Күш-қуаты азаю, нашарлау.

Армия мен халық жауға қарсы күресте бұрынғыдан да топтаса түсті, бірлік осалдаған жоқ нығайды, күшейді (Б.Момышұлы, Москва.).

Мұз осалдаған соң шанадағы балықтарды шашып тастадық (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).

Қарт кісі, қайта айналып жасармайды,

Күн санап күш-қуаты осалдайды.

Беденде бар қызуы тарқағасын,

Қайтадан жинап, басын қоса алмайды (Айтыс).