ОСЫ

lat: OSY

есім. Нақтылықты, дәлдікті білдіретін сілтеу есімдігі.

Осы «Оқушының саулығын сақтау» деген кітапшаны Голландия үкіметінің бұйрығы бойынша, нағыз білгіш деген доқтырлар жазған екен (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).

Осыдан пайда не шықты?

Мас күнінде нені ұқты?

Ақылға салып ойлашы,

Мұнымен болар кім мықты? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Осы өткен жаздағы демалысымызда Сағыныш екеуміз балаларды алып, елге бардық (К.Асанов, Сағыныш).

Өлеңнің осы арасын қайталай айтқан аңшылар тобы төртке бөлініп, ызғытып барады (С.Қасиманов, Сиқырлы.).