ОТАН

lat: OTAN

зат. 1. Адамның туып-өскен жері, атамекені, өзі азаматы болып табылатын елі.

Отан бірлігі, Отан сүю сезімі, әлеуметшілік міндеті секілді бүтін мемлекетке керек сезімдерді менмендік, бәсекелік, ерегіс секілді аламандықтың жеңгенін ел арасынан жиналған ескі сөздер анықтап көрсетіп жүр (Х.Досмұхамедұлы, таңд.).

Отанымызды сақтауға,

Ақиқатты жақтауға,

Біз де басты көтерсек,

Қала бермей таптауда (С.Торайғыров, Алаш ұраны.).

Отаным, сөз бер, тыңнан маған!

Алдында тұрған туған балаң.

Арым бар таза кір қонбаған,

Жаным бар жарқын жырға арнаған (З.Шүкіров, Арал толқын.).

2. ауыс. Үй іші, отбасы, үйелмен.

Кунзия бір үйдің кенжесі еді, бір отанның еркесі еді (З.Шүкіров, Ізгілік.).

Бұл жолдасы адам болып, бір отанға иелік етіп отыр (О.Сәрсенбаев, Жиде.).

Өстіп жүріп біреудің отанын бұзармын, бармаймын, деді ол (Ш.Шалқаров, Серіккөл).

3. ауыс. Жаңалықтар ашылған, өнертабыстар дүниеге келген жер.