lat: OTBASYLYQ
сын. Отбасыға арналған, отбасыға тән.
Сондай-ақ министр Ресейдің «Солдаты», «Громовы» тәрізді біршама мәнді-мағыналы, елдік, отбасылық кейбір құндылықтарды дәріптейтін телесериалдары тәрізді отаншылдық рухты оятатын үш бірдей төл сериалымыздың да ендігі жылы елдің игілігіне ұсынылмақ екендігін жеткізді («Айқын»).
Қазақтың отбасылық, жұбайлық салтында ері өлген әйел сол елдің меншігіндегі адам болып есептеледі және ол бір жылдан кейін жесір отырмай, күйеуінің аға-інісіне не жақын туыстарының біріне шығуға тиіс (С.Кенжеахметов, Қазақ халқының салт-дәстүрлері).
Соңғыларына міндетті медициналық сақтандыру жүйесін құруды, отбасылық медицина моделіне көшуге әрекеттенуді жатқызуға болады («Егемен Қазақстан»).