ОТСЫЗ

lat: OTSYZ

1. сын. 1. Оты жоқ, оттың қатысынсыз.

Химияның көмегімен отсыз түтін де жасауға болады (А.Мырзабаев, Хим. қызығы).

Жапан түз, отсыз, сусыз бетпақ шөлде,

Жын-шайтан мекен еткен тағы жерде.

Жас бала. Жолдасым жоқ, жапа-жалғыз

Мен келе жаттым, батып қанды терге (М.Жұмабаев, Шығ)

Сол жалын түнде саған жол ашады,

Адамдар түзде отсыз адасады.

Осы от бір әйелдің махаббаты,

Осы от бір батырдың болашағы (Қ.Мұқашев. Дүбір.)

2. ауыс. Жігерсіз, қуатсыз, жалынсыз.

Болса гүлсіз, бұлбұл үнсіз

Үнсіз бұлбұл бір сұр құс

Үнсіз өмір сөнген көмір,

Отсыз жүрек бос қуыс (М.Жұмабаев, Шығ.).

Жаңа ғана шарапқа шаттана қараған Мәукілдің отсыз үлкен көзі бұрынғыдан да шарасынан шыға адырайып, өңі қашты (С.Бегалин, Уақыт.).

Команда отсыз, жігерсіз ойын көрсетті («Спорт»).

Деп зекіп ұрысады сұлу қызға,

Бұланның жүрегі отсыз, тас па, мұз ба.

Болмаса сынамаққа айта ма екен,

Мұны ойлап Сана батар терең мұңға (Р.Малдыбаев, Қалдырған).