ОТТЕГІ

lat: OTTEGİ

зат. хим. <Oxygenium> Дем алу үшін, оттың жануы үшін қажетті ауаның құрамына кіретін Менделеевтің периодты жүйесінің VI тобындағы химиялық элемент.

Адам ауаны жұтқанда, оттегі өкпеге кіріп, қанға қосылады (А.Даиров, Хирург.).

Адамның құрамындағы оттегінің организм үшін маңызы өте зор (С.Жұмабаев, Ұзақ өмір.).

Жарты шелек сұйық ауа қайнады,

Бұл оттегі ауаның бал қаймағы.

Тіршіліктің күллі арқауы оттегі,

Табиғатта оның ешбір жоқ теңі (Ә.Фатихов, Менің босағам).