lat: OTTY
2. сын. 1. Оты сөнбеген, ыстығы бар.
Отты шар құлаған батыс жақ талаурап тұр (А.Нысаналин, Алыста.).
О, Вика, сұлу емес, көріктісің,
Көзіңнен көрінеді ерік күшің.
Отты ауа, сырахана, кермек түтін,
Талайдың мұз жайлаған ерітті ішін (А.Әлімұлы //Екі мыңжылдық дала жыры).
2. ауыс. Жігерлі, қайратты.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?! (М.Жұмабаев, Шығ.).
Қалмаған Онегиннің ешбір бағы,
Өтіп кеткен жүректің отты шағы.
Мінсіз тілмен сөзіңді жазыпсың-ақ,
Ұнатпаған жерім бар сүйтсе-дағы (Абай, Тол. жин.).
Сөйлесем жүректегі шерін төккен
Арызды, армандысы, даттысы да.
Сезімді, сергек туған көз ашықтың,
Талантты талабы зор оттысы да (Ә.Найманбаев, Шығ.).