ОТЫРЫҚШЫЛЫҚ

lat: OTYRYQSHYLYQ

зат. Тұрақты жерге, мекенге қоныстанушылық, тұрақтанушылық.

Көшпелі ауыл біртіндеп отырықшылыққа айналып, шаруа бірлестіктерін құрды (Ш.Өтепов, Өшп. жалын).

Генерал-адъютант граф Перовский казақтардың егін егіп, отырықшылыққа айналуына өте-мөте қарсы болып келген (I.Есенберлин, Қаһар).

Сонымен, жиырмасыншы ғасырда отырықшылық пен көшпеліліктің талай-талай ғасырларға созылған бәсекесі біржола түйін тапты (С.Абдрахманов, Елдік сыны.).