lat: On bir perne.
бейн. Домбыра туралы.
Сиқыры қыруар ырғақтар байлап көзіңді,
Алдына келіп дөңгеленеді Жер деген.
Көк терге түсіп айта да алмайтын сөзіңді
Айтады ол он бір пернемен (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).
Домбырам, қайда барсам тастамаймын,
Әнменен сенсіз өлең бастамаймын.
Екі шек, он бір перне, бір тиекпен,
Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).