Орнын басты

lat: Ornyn basty.

Орнына ие болды, орнын жоқтатпады.

Әуелгі кезде майданға кеткендердің орнын басамыз деген дүрмекпен келгендердің жарайтындары қалды (Ә.Сатыбалдиев, Ақмарал).

Құлагер, әкең тұлпар, шешең сұңқар!

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар!

Сен өлсең, орның басар кербесті бар.

Болады құдай қосса о да тұлпар (XVIII-XIX ғғ. қаз. ақын.).

Өлсем, орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді (Абай, Тол. жин.).

Жалғыз атан құласа,

Неге келер шамасы?!

Артында перзент бар болса,

Орнын басар баласы! (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).