Орнын сипады

lat: Ornyn sıpady (ornyn sıpap qaldy].

Іздеген жерден таппады, айрылып қалды.

Орта жолда ол Жаманеркектің жер-жебіріне жетіп жекімек еді, орнын сипады (Д.Досжанов, Зауал.).

Қуғыншылар ұрының орнын сипап қалды (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен).

Қотыркөл қаласында 4-5 күн кідіргендіктен, Итбайды іздеп келгендер орнын сипап қалды (С.Мұқанов, Жұмбақ жалау.).

Уфадан шыққандағы екі жүз ат, он екі түйенің орнын сипап қалды (Ә.Кекілбаев, Үркер.).