Орта білім

lat: Orta bilim

пед. Ғылым негіздерін білуді талап ететін, қоғамға пайдалы еңбекке қатысуға және жоғары білім алуға қажетті білім мен дағдылар жиынтығы.

Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті (ҚР Конституциясы).

Орта білім жалпы білім беретін орта мектептерде беріледі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).