Орталық комитет

lat: Ortalyq komıtet [Ortalyq partıa komıteti, KİİSS Ortalyq komıteti]

сов. СССР коммунистік партиясының республикалық, одақтық т. б. дәрежедегі жоғарғы органы.

Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің құттықтауы оқылды (Ұ.Бағаев, Жан сұлулығы).

Орталық Партия Комитетінің әдебиет және көркемөнер жайындағы қаулыларын терең ұғынуға тиіспіз (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).

КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің тезистері өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған («Халық мұғ.»).