Орыс тілі

lat: Orys tili.

лингв. Славян тілдерінің ішіндегі шығыс славян тілдері тобына жататын, кең тараған тіл.

Қазіргі кездегі зерттеулерде орыс тіліндегі түркі сөздері тұрмыс, тағам, киім-кешек, үй және жабайы жануарлар, өсімдік атауларын білдіретін сөздер деп бірнеше тематикалық топтарға бөлініп, талданып жүр (Қаз. тілі энцикл.).

Орыс тілінен енген орыс сөздері мен интернационалдық сөздер, негізінен, орыс тіліндегі дыбысталуынша айтылу дағдыға айналды (Р.Сыздық, Қаз. т. анықт.).