От орнындай

lat: Ot ornyndaı.

Аумақты, көлемді деген мағынада.

От орнындай аумағы,

Бекең қарттың күрегі.

Ауыз үйде ілулі

Көптен бері тұр еді (Ғ.Орманов).

Басқан ізін қарасаң,

Көрінеді оттың орнындай.

Аузы үлкен ошақтай,

Азу тісі пышақтай (Алпамыс батыр).