lat: PÝTÓVKA
зат. 1. Курорт, санаторий, демалыс үйі немесе алып құрылыс сияқты жерлерге барушыларға берілетін жолдама қағаз.
Таудағы демалыс үйлерінің біріне путевка іздегелі жүрмін (М.Дүйсенов, Мейман.).
Бір путевка келіп еді, Соны бізге бөліп еді. Өзі тегін алмайсыз ба, Ялта жаққа бармайсыз ба?.. (С.Сейітов, Жаңғырық).
2. Шофердың барар маршруты, артар жүгі көрсетілген рұқсат қағаз.