lat: PAIDALYLYQ
зат. 1. Белгілі бір іске тікелей пайдасы барлық, қажеттілік.
Монша салып беріп, оның қандай пайдалылығын көрсетіп берген (С.Шарипов, Бекболат).
Демек, шайдың адам организміне пайдалылығы сол кезден бастап белгілі болған (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі).
Әдетте әлем халықтарымен, көрші елдермен достық байланыс жасаудың пайдалылығы көп айтылады («Қаз. әдеб.»).
– О, не дегенің, әсем, сен, әрине, пайдалысың, – деймін мен оны бұрынғыдан да еркелете түсіп. – Сенің көмекші шопан боп жүргеніңнің өзі елге пайдалылығың. (Ә.Нұршайықов, Шығ.).
2. Тиімділік, қолайлылық, нәтижелілік.
Ірі қараны байламай күтудің пайдалылығы көптеген белгілі ғалымдардың еңбектерінде де атап көрсетілген (Ғ.Әбішев, Мал. жарақат.).
Сондықтан тұтынушының басты міндеті – бір тауар бірлігін сатып ала отырып, өзінің қаражатын бір немесе басқа тауар алуға жұмсалатын соңғы ақша бірлігінен алынған пайдалылық бірдей болатындай етіп бөлуі керек (Б.Жүнісов,. Нарықтық экономика негіздері).
Мұғалім оқушыларды ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны, пайдалылық т.б. жайында түсінік бере алады («Қазақст. мект.»).