lat: PAIDALYRAQ
сын. 1. Пайдасы көбірек, қажеттірек.
Аяққалғанның минералды сулары басқа жақтардан келген минералды сулардан анағұрлым пайдалырақ(М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.).
Бұл тұрғыдан қарағанда жас жемістер пайдалырақ болып көрінеді (С.Сүбханбердин, Өсімдік – дәрі.).
Ізгілікке жасалған Алуан-алуан қадамдар бар. Өзін-өзі ақтауға Бейім жүрген адамдардан Қағас, қашық тұрса-дағы даңққа Өз қылығын соттай алар адамдар Пайдалырақ халыққа (М.Шаханов, Ғасыр.).
2. Әлдеқайда тиімдірек, қолайлырақ.
– Бұл тапсырма жас басыңа оңай емес, ойла шырақ. Біздің үшін басқасынан Бұл жұмысың пайдалырақ (С.Мәуленов, Тартыс.).
Кентау сапары бізге, біздің күткенімізден де пайдалырақ болып шықты (Б.Тоқтаров, Қырандар.).