lat: PAIDASHY
зат. Біреудің жұмысын істеп пайда табушы, табыскер.
Дәулетханның әкесі де ең басты сол «пайдашы» қауым арасындағы жас жұмыскер еді (Ж.Жұмақанов, Мен жұмысшы.).
Іштерінде оқу іздеп бара жатқан шәкірт те, сүйек шатыс қуған еркек те, төркін іздеген қатын да, жұмыс, кәсіп іздеген пайдашы да, арзан пұл алып қайтып, елге сатып, мал таппақ болған саудагер де бар (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Жаңа Секейдің базар алақына қырдың қалашысы, жұмысшы,пайдашы тұрғын жұрты сыймай кетті (С.Бегалин, Замана.).
Барнаул қаласынан Алтайға қарай салынған шойын жолдың жұмысына ел жігіттері қостап барғандағы п а й д а ш ы л а р д ы ң ішіндегі жасы кішілер осы екеуі еді (І.Жансүгіров, Шығ.).