lat: PALEOZOILYQ
сын. Палеозой дәуіріне тән.
Боғас өзенінің таудан шыға беріс жерінде шөгіндінің палеозойлық фундаментке дейінгі қалыңдығы 30–120 метрдей («Білім және еңбек»).
Геологиялық жағынан алып қарағанда солтүстікте Батыс Сібір, шығыста Ертіс, оңтүстікте Шу – Балқаш ойпаттарымен шектеліп жатқан, палеозойлық кең өңір болып табылады (Қ.Сәтбаев, Қазақстан – менің отаным).