ПАЛИТРА

lat: PALITRA

[франц. paletre жұқа тақтайша]зат. 1. Тік бұрышты немесе доға пішіндегі, суретшінің сол қолының бас бармағына киетін тесігі бар жұқа тақташа.

Палитраны суретші бояу езу үшін пайдаланып, өз көңіліндегі бояу реңін табу үшін оның бетінде бірнеше бояу түст ерін араластырады (ҚҰЭ).

2. Белгілі бір суретшіге немесе картинаға тән бояу түрлерінің үйлесім табуы. Суда бояу реңдері пайда болады. «Палитрасы бай суретші» деген теңеу алуан түсті бояу үйлесімін тудыруышыны меңзейді (ҚҰЭ).

3.инф. Дисплей экранында әртүрлі бейнелерді айқын көрсету мақсатында пайдаланылатын түстердің жалпы саны.

4. ауыс. Көркем өнер шеберлерінің, ақын-жазушылардың мәнерлі, көркем стилі; шеберлік бейнесі.