lat: PALTO
зат. Етегі тізеден келетін не тізеден төмен түсіп тұратын сырт киім.
Нұрғалидың үстінде тозығы жеткен ескі пальтосы бар (Б.Майлин, Шығ.).
– Мейрам бұрын барып, пальтосын тосты Щербаковтың арқасына (Ғ.Мүстафин, Қарағанды).
Пальтосы да құйтақандай.Пальтосының кішкене мүйіз түймелері де құйтақандай. Бәтіңкесі де құйтақандай. (ә.Кекілбаев, Шығ.).
– Әділ, сен неге п а л ь т о кимедің? – деді Есен сықсиып (М.Сүндетов, Құмда.).
Жоқшылық кете алмады жазым етіп, Кимедік костюм, пальто, қазық етік. Өсе бердік, алаңсыз өсе бердік, Жастықты жанымызға азық етіп (М.Мақатаев, Шығ.).
Автобусқа лап беріп Кимелейміз. Кимелейміз, Басқаға тиме дейміз. Туфлиді сұға сап, Пальтомызды, Үйге жете бергенде түймелейміз (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).