lat: PANTOMIMA
[грек. pantomimas]зат.өнер.Дене қимылымен, ымдау белгісімен өнер көрсету сияқты сахналық өнердің бір түрі.
Пантомима алғаш ежелгі Грекия мен Рим театрында қалыптасқан (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
Пантомима ХІІ-ХІІІ ғғ. комедиялық өнердің тәсілі ретінде қолдау табады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
Пантомиманың музыка, ән сүйемелімен орындалатын арнайы түрі Индонезия, Үндістан және Азияның басқа елдерінде де кеңінен тараған (ҚҰЭ).
Европадағы пантомима өнерінің қайнар көзі Ежелгі Греция мен Рим театрына саяды (ҚСЭ).
Пьесамен қоса цирк ойындары, мелодрама, пантомима, концерт қабаттаса жүрген (Р.Нұрғалиев, Өнер алды.).