ПАНТОМИМИКА

lat: PANTOMIMIKA

зат.өнер. Адамның ымдау, бас изеу, ишарат көрсету арқылы мәнерлі дене қозғалысы.

Үшінші актерлік мимика мен пантомимика немесе актердің сахнадағы «тірлігі» (I.Омаров, Серпін).

Пантомимиканың жеке адамдарға тән қасиеттері бала кезде өзгелерге еліктеуден қалыптасады (ҚСЭ).

Пантомимика жеке адамға, әрбір ұлттарға тән психологиялық процесс (ҚСЭ).

Пантомимка ым-ишара және сөйлеу интонациясымен қатар эмоционалдық қалыпты білдіретін форманың бір түрі болып табылатын адам денесінің қозғалысы, яғни адамдардың қарым-қатынас құралы (Ор-қазақша түсінд. сөздігі, Ғылымтану).