ПАПА

lat: PAPA

2зат.Туған әке.

Жанна тек папасын көргенде ғана күлімсірейтін (Р.Тоқтаров, Тұлпар).

Мен Болаттың папасы боламын (С.Шәймерденов, Өмір.).

Лаура есікті ашып жіберіп, бұрынғысынша папасының мойнына секірді (Қ.Құттыбаев, Оның ұрпағы).

Шайхыжан! Төрт боп жүр ме екі көзің, Папаңның почта арқылы күтіп сөзін? Туралық тәуекелден, маслихат жоқ, Таза жүр тәрбиелеп өзіңді-өзің (О.Шораяқов, Шайыр.).

Папам әкеп берді деп, Қолымнан көйлек кимедің (Қ.Жапсарбаев. Сөйле.).