lat: PAPOROTNIK
зат.биол. Көп тілімді ірі жапырақты, жер бетінде тік не шырмауық түрінде өсетін споралы өсімдік.
Папортниктің кейбір түрлері әсемдік үшін өсіріледі, азықтық түрлері де бар (Ауыл шаруашылығы сөзд.).
Папоротниктердің риниофиттерден ең басты айырмашылығы – тамыры мен жапырағы болуында, ал жалаңаш тұқымдылардан – тұқымы болмауында (ҚСЭ).
– Орманда папоротниктің үлкен-үлкен жапырақтары бар. Өрнегі қандай әдемі (М.Гумеров, Хазірет.).
Доктор қауырсын жапырақты папоротниктер мен тұтасқан шырмауықтардың қамауында қалды (Т.Әбдіков, Күз.).