lat: PARADOKS
[грек. para – қарсы, doxa – пікір]зат. 1. Әдеттен тыс, ойда жоқ ғажайып болып көрінетін оғаш пікір.
Парадокс термині антикалық философияда ерекше тың жаңа пікірді сипаттау үшін пайдаланылған (ҚҰЭ).
Парадокстердің кездесуінің екі жағы бар: біріншіден, парадокстер теория негізінің дұрыстығына күмән келтірсе, екіншіден, антиномиялардың шешімін іздеу теорияны толық жетілдіруге және логика мен математиканың негізін зерттеуде құнды жаңалықтар ашуға бағытталады (ҚҰЭ).
2.әдеб. Өткір нақыл, ащы мысқыл үлгісінде айтылатын жанр.
Әдебиетте парадокс бірде өткір нақыл сөз түрінде көрінсе, бірде таңқаларлық тапқырлығы мен еріксіз күлдіретін ащы мысқыл болып келеді (Әдеб. термин. сөздігі).
Тургенев, мысалы, Рудинді сөйлеткенде осы парадокс үлгісіндегі өткір, тапқыр сөздерді шебер қолданады (Әдеб. термин. сөздігі).