ПАРАМЕТРЛІК

lat: PARAMETRLİK

сын. Параметрге қатысты, соған тән.

Әсер ету принципіне және пайда болған электрлік шамаға байланысты датчиктер параметрлік және генераторлық болып екі топқа бөлінеді (К.Айманов, Физика.).

Екі теңдікпен параметрлік түрде берілген функциялардың немесе кейінгі формуламен анықталған функцияның кескіндейтін сызығын циклоида деп атайды (О.А.Жәутіков, Жоғары математикаға кіріспе).

Координаталардың айнымалы параметріне тәуелді функция ретінде берілген, кеңістіктегі сызықтың параметрлік теңдеулері дейді (Аналитик геометрия).